Өткен тәулікте 733 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның 133-і Атырау облысында тіркелді. Алматы қаласында - 83, Павлодар облысында 65 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 152460-ге жеттi. 139843 адам жазылып шықты.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 22 480 адам (10 358 КВИ+ және 12 122 КВИ-) ем қабылдап жатыр. 245 науқастың жағдайы ауыр. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 27 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 45442 адам пневмонияға шалдыққан. 32830 адам індеттен жазылып шықты.
Өткен тәулікте коронавирустан 10 адам көз жұмды. Коронавирустан қайтыс болғандар саны - 2259, пневмониядан көз жұмғандар саны (1 тамыздан бері) - 490.