Елордалық ұстаз сыйақысының бір бөлігін ауыл мектебіне берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық ұстаз сыйақысының бір бөлігін ауыл мектебіне берді

24.12.2020

Бір ұстаздың жеңісі 230 оқушыны қуанышқа бөледі. Дәлірек айтсақ, «Glоbal teacher Prize» байқауына қатысып, «Жаһандық премияның» гран при иегері атанған елордалық мұғалім Динара Бейсембаева ақшалай жүлдесінің 1,5 млн теңгесін ауыл мектебіне арнады. Ол Қарағанды облысына қарасты Ахмет ауылындағы орта мектептің химия кабинетін зертханалық құрал-жабдықтар алып берді. Балалық шағы ауылда өткендіктен, мұндай мектептердің жағдайымен жіті таныспын дейді жомарт мұғалім.

Динара Бейсембаева, Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі:
Қазіргі коронавирус бізге не көрсетті. Әлемдік проблема. Бізде ғалымдар аз. Биотехнологтар, химиктер. Сол себепті осындай ой келді. Ауыл мектептеріндегі жас ғалымдарды қолдау. Мұғалімдерді қолдау, үйрету деген.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу