Маңғыстау мен Атырау облыстарының арасына санитарлық бекет қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау мен Атырау облыстарының арасына санитарлық бекет қойылады

23.12.2020

Батыс Қазақстан облысында да індетке шалдыққандардың саны өсіп, өңір «сары» аймаққа енді. Орта есеппен күніне 35-40 адамнан вирус анықталуда. Әсіресе, ауруды бір біріне жұқтыру деректері көбейген. Өңірге Ресейден келген азаматтар мен Атырау облысында вахталық әдіспен еңбек ететін жұмысшылардың арасынан ауру жиі тіркелуде.   

Әдемі Хасанова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Өңірімізде өткен тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен 40 жағдай тіркелді. Оның ішінде 29 жағдайда ауру белгілері бар болса, 11 жағдайда ауру симптомсыз. Облыс бойынша COVID-19-дың 8907 жағдайы тіркелген. 

Маңғыстау мен Атырау облыстарының арасына санитарлық бекет қойылады. Онда екі жаққа қатынайтын жолаушылар тиісті тексерістен өтеді. Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта болғандықтан карантин талаптары күшейтілді. 

Рауан Диәли

Хабарламаларға жазылу