Әскери-әуе күштері Су-30СМ ұшақтарымен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери-әуе күштері Су-30СМ ұшақтарымен толықты

23.12.2020

Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиациялық базасы 2 бірдей Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен толықты. Бұған дейін екеуі алынған болатын. 

Ұшақтарды Ресей Федерациясынан «Иркут» авиациялық зауытының тәжірибелі сынақшылары әкелді. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, жаңа буынның әмбебап жойғыш аппараттары Әскери-әуе күштерін қайта жарақтау бағдарламасы аясында алынды деді. Бір өзі Су-27 және Миг-31 секілді екі түрлі әскери машинаның қызметін атқаратын бірегей ұшақ, кез келген ауа райында, күндіз де, түнде де ұзақ уақыт еркін қалықтайды. Қарсыластың ұшақтарын атып түсіріп қана қоймай, жерүсті нысаналарын дәл жоюға, әуеде барлау жүргізуге және өзге серіктеріне нысана көрсетуге қабілетті. Шұғыл жағдайда ұшаққа отынды әуеде толтырып құюға болады. Әлемдегі ең үздік көпфункционалды әскери жойғыштар ТМД елдері арасында тек Ресей, Беларусь және Қазақстанда ғана бар.

Жандос Оңлас, штурман-ұшқыш:
Қазіргі заманның барлық талаптарына сәйкес ұшақтарының бірі. Ең жоғары маневрлі ұшақтардың бірі. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу