Коронавирус пен пневмониядан тағы 9 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус пен пневмониядан тағы 9 адам көз жұмды

21.12.2020
Коронавирус пен пневмониядан тағы 9 адам көз жұмды

Соңғы бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды. Ал Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 147236-ға жетті. Бір күнде 652 адамнан вирус анықталды. Оның 68-і ШҚО-да, 65-і Қарағанды облысында, 63-і СҚО-да тіркелді. Сондай-ақ 29 адам COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққан. 

Осы уақытта 25 147 адам коронавирустан (13 436 КВИ+ және 11 711 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ДСМ. Атап айтқанда, 4 375 науқас стационарда, 20 772 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індет жұқтырған 249 адамның жағдайы ауыр.

Қазақстанда өткен тәулікте 830 адам коронавирус індетінен жазылып шықты. Ел бойынша емделіп шыққандардың жалпы саны 131 мыңнан асты. Қайтыс болғандар саны - 2194.

1 тамыздан бері 44 414 адам COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырған. Оның 32228-і дертінен айықты. Қайтыс болғандар саны - 475.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу