Желтоқсан оқиғасына орай материал жасамау дұрыс емес болар еді. 34 жыл өтті, ашылмаған ақиқаты көп. Тіпті осы оқиғаға күні бүгінге дейін нақты тарихи баға да берілген емес. Қанша адам зардап шекті? Олардың тән жарасы мен жан жарасы жазылды ма? Сұрақ көп, жауап аз. Ресми ақпараттар бойынша желтоқсан оқиғасына байланысты жүзге тарта адам сотталып, 300-ге жуық студент оқудан шығарылған. Опат болғандар ше?! Осы сандарға қарап-ақ, бұл оқиғаның қаншама адамның тағдырын талқан еткенін ұғасың. Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға мемлекет тарапынан мәртебе берілмесе де, бұқара халық оларға зор құрметпен қарайды.
Ал өздері сол заманда алаңға барғанына еш өкінбейді. 1986 жылы алаңға шыққан сол кездегі жап-жас жігіттер, қазір жігіт ағасы болған азаматтар туралы Дәуренбек Әбдібектің сюжеті.