Әлімжеттік көрсеткен ҚазҰУ-дың 10 студенті оқудан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлімжеттік көрсеткен ҚазҰУ-дың 10 студенті оқудан шығарылды

11.02.2020

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары курста оқитын 10 студент оқудан шығарылды. Оларға өздерінен кішілерге күш көрсетті және жатақхана тәртібін бұзды деген айып тағылған. 

Сонымен қатар түнгі уақытта бөтен біреулерді ішке кіргізгендері де бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Дегенмен студенттер мен олардың ата-аналары тағылған айыппен келіспей, университет басшылығы тым ауыр жаза қолданып отыр деп наразылық білдірді.

Оқудан шығарылған филология және әлем тілдері факультетінің студенттері жатақхана заңын бұзғанымен, төменгі курс студенттеріне әлімжеттік көрсетпегендігін және ешқандай дәлел жоқ екендігін айтады. 

Нұрхан Нұрланұлы 

Хабарламаларға жазылу