Сенатта мақұлданған рақымшылық заңына сарапшы пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта мақұлданған рақымшылық заңына сарапшы пікір білдірді

27.10.2022

Қазір қаңтар оқиғасы бойынша жауапқа тартылған 1112 адамның 128-і бас бостандығынан айырылған. Рақымшылық туралы заңнан соң 40-тан аса адам, ал, алдағы жарты жылда 50-ге жуық азамат қылмыстық жауапкершіліктен босатылмақ.

Тастемір Әбішев , ҚР Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы:

Ал, енді осы заң қабылданғанға дейін сотталып кеткен азаматтар бар ғой. Оларда жаңағы 3 мәселе бойынша, онша ауыр емес қылмыс жасағандар, теріс қылмыстық әрекеттер жасаған немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдар олар жазадан босатылады және соттылығы алынып тасталады. Ал, енді ауыр жазаға кесілген адамдар болса, мысалға, олардың жазасы 3/4 бөлігіне қысқарады, ал, ең ауыр қылмыс жасаған адамдар қаңтар оқиғасына қатысты. Олардың жазасының жартысы қысқартылатыны бұл заңда атап көрсетілген.

Бауыржан Бөгенбай

Хабарламаларға жазылу