Алматы облысың Жамбыл ауданында жаңа перзентхана ашылды. Әлеуметтік нысанның құрылысына бюджеттен 5 млрд теңге жұмсалған. Мекемеде бір ауысымда 100 әйел қабылдай алатын кеңес беру бөлімі де бар. Шараға қатысқан облыс əкімі Амандық Баталов перзентхананың ана мен балаға деген мемлекет қамқорлығы екенін атап өтті. Заманауи мекемеде шала туған шақалақтарға арналған 12 кувез аппараты, 24 фототерапия және 8 өкпені жасанды желдету құрылғысы қойылған. Дәрігерлердің айтуынша, облыста жыл сайын 50 мыңдай нәресте дүниеге есігін ашады.
Дамир Сұраужанов, Жамбыл аудандық орталық ауруханасы директоры:
Былтыр 4600 сәби туса, биыл 11 айдың ішінде 180 бала артық туды. Бұл өте керемет ғимарат. Бұл жерде жаңа заманауи жабдықтар бар.
Жазира Оразқызы