Алматыдағы № 2 перзентхана жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы № 2 перзентхана жабылды

28.04.2020

Алматыда аяғы ауыр келіншек коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғанын жасырған. Қазір қаладағы №2 перзентхана жабылды.

Қызметкерлер мен перзентханадағы әйелдерден қан талдауы алынып, түгел тексерілді. Кейбіреуін басқа мекемеге ауыстырып, қалғандары үй карантиніне шығарылды. Мекеме әзірге ешкімді қабылдамайды. Соңғы күндері мегаполисте коронавирус инфекциясының тәуліктік өсімі төмендеп келеді. Бұл туралы бас санитар айтты.

Жандарбек Бекшин Алматы -Нұр-Сұлтан әуе рейсінің жолаушылары карантинде болмайтынын да хабарлады. Бас санитардың сөзінше, еліміздің бас мемлекеттік санитарының қаулысында мұндай шара қарастырылмаған. Басты талаптың бірі — әр адам ұшар алдында коронавирусқа қарсы тестілеуден өтуі керек. Талдау нәтижесіне сәйкес 7 күнге дейін жарамды анықтама беріледі. Сол анықтамамен жолаушылар Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қатынай алады.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу