Сайлау бюллетенінде партиялардың қандай ретпен тұратыны белгілі болды
Сайлау бюллетенінде партиялардың қандай ретпен тұратыны анықталды. Жеребе тарту ашық әрі онлайн режимде өтті. Алдымен 1-ден 5-ке дейінгі нөмірлер конверттерге салынды. Кейін әр партияның өкілі конвертті таңдап алды. Осылайша тізімде бірінші болып Қазақстан халық партиясы тұратын болды. Екінші нөмірде «Nur Otan», үшінші «Ауыл», одан кейін сәйкесінше «Ақ жол» мен «Адал» партиялары орналастырылады.
Жалпы сайлауға партиялардың атынан 312 үміткер Мәжіліс депутаттығына ұсынылған. Оның 222-сі ер адам, 90-ы әйел. Кандидаттардың ең кішісі 25 жаста, ең үлкені 70-те.
Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Партия мүшелерінің 30 пайызын 29-жасқа толмаған жастар мен әйелдер мен қамтуы тиіс деген талап барлық партияларда орындалды. Жарна төлеміне келер болсақ, алдыңғы сайлауда 7 пайыздан көп дауыс жинағандар сайлау жарнасынан босатылады. Ол үш партия. Ал «Ауыл» мен «Адал» партиясы ең төменгі жалақының 15 еселенген көлемінде жарна төледі.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05