Қазақстанның депутаттарына шетелден есепшот ашуға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның депутаттарына шетелден есепшот ашуға тыйым салынады

10.12.2020

Енді елімізде қос азаматтығы бар мемлкеттік қызметкерлер жұмыстан босталады. Сенат депутаттары тиісті заң жобасын қабылдады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан өмір бойы айрылады. Құжатқа енгізілген өзгерістер ел Президентінің биылғы Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында енгізіліп отыр. 

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде қос азаматтығы бар 431 адам анықталған. Оның екеуі - мемлекеттік қызметкер. Олар Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жұмыс істеген.

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы:
Мемлекет басшысы квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа күрес бойынша қатаң шараларды қабылдаудың қажеттілігі туралы айтты. Аталған ұсыныстарды заңды түрде бекіту сыбалас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуді және квазимемлекеттік секторды қамтамасыз етеді. 

Сенат тағы бір маңызды құжатты қабылдады. Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы заңға сәйкес, бұдан былай парамен тұтқындалғандар мерзімінен бұрын шартты түрде босап шыға алмайды. Мемлекеттік басқару мүдделеріне қайшы келетін құқық бұзушылақтар ауыр қылмыстар санатына қосылды. Тағы бір жаңалық – елімізде мемлекеттік қызметкерлерге, мәслихат депутаттарынан басқа халық қалаулыларына және судьяларға шет ел банктерінде шот ашуға немесе байлықтарын сақтауға тыйым салынды. 

Дарын Сағитов


Сенат заң

Хабарламаларға жазылу