Павлодар облысында үй өртеніп, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында үй өртеніп, 2 адам қаза тапты

09.12.2020

Павлодар облысындағы Шідерті кентінде үй өртеніп, екі адам қайтыс болды. Түнгі 04.00-де басталған өртті құтқарушылар екі сағат дегенде әрең сөндірген. Кірпіш үйдің ағаш төбесі мен терезе, есік жақтаулары жанған. Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 27 литрлік газ баллонын алып шықты. 

Жалпы, жыл басталғалы аймақта 900 ден астам өрт оқиғасы тіркеліп, 22 адам ажал құшқан.

Оразбек Уалиханов, Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы:
2 мәйіт табылды. Ол 1-ші пәтер иесі және оның танысы. Болжам бойынша, өрт мас күйінде темекі шеккеннен шығуы мүмкін. 

Болат Аманбаева

Хабарламаларға жазылу