Қостанай облысында үй өртеніп, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында үй өртеніп, 2 адам қаза тапты

24.06.2020

Қостанай облысында жеке тұрғынүй өртеніп, екі адам қаза тапты. Оқиға Әулиекөл ауданының орталығында болған. Түнгі сағат 3 кезінде тұрғынүйдің өртеніп жатқаны жайлы төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер жеткенде отқа оранған аумақтың көлемі 80 шаршы метрге жетіпті. Үйден екі газ балоны шығарылды. Оның бірі өрт сөндірушілщер келгенше жарылып кеткен. Сондай-ақ жанған үйден екі адамның мүрдесі табылды. Олар 1936 және 37-ші жылы туған әйел адамдар.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу