Өскеменде өрт үш адамның өмірін қиды

10.12.2016
Өскеменде үй өртеніп, 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға түн ортасында басталып, көзді ашып жұмғанша жер үй түгелімен қызыл жалынға оранған. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрттің ішінен 7 жастағы қыз баламен 2 ер адамды алып шыққан.
Өкінішке қарай, олар қою түтінге тұншығып, қаза болды. Қыздың анасы да зардап шеккен. Қазір ол қалалық аурухананың реанимация бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр.



Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу