Бір тәулікте 225 адам пневмониямен ауырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте 225 адам пневмониямен ауырды

04.12.2020
Бір тәулікте 225 адам пневмониямен ауырды

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, 4 желтоқсан күнгі деректерге сәйкес, Қазақстанда 14 000 адам коронавирустан емделіп жатыр. Соның ішінде, пневмониямен ауырған 225 адам тіркелді. Комиссия таңертең науқастардың жағдайына қатысты ақпарат таратты. 

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 000 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 560 науқас жатыр. 10 440 адам амбулаториялық жағдайда ем алды», - деп хабарланған комиссияның ақпаратында. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстан бойынша 819 адамнан коронавирус инфекциясы табылған.

Жалпы науқастардың арасында 229 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 34 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған. 29 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

«2020 жылғы 4 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек:  Өткен тәулікте 225 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 64 адам жазылып шыққан», - деп хабарлайды ВАК. 

2020 жылдың 1 тамызынан бастап пневмониямен ауырған науқастар саны – 42 680 адам болды, оның ішінде 448 адам көз жұмған,  30 792 адам жазылған. 

Хабарламаларға жазылу