Елімізде коронавирус жұқтырған 101 науқастың жағдайы ауыр

23.10.2020

Бүгінде кронавирус жұқтырған 101 науқастың жағдайы ауыр. 10 адам хәл үстінде жатыр. 13 тұрғын өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жалпы қазіргі уақытта дертке шалдыққан 3 мыңға жуық адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 211 бала бар.  

Бір тәулікте 179 адам ковид жұқтырса, 186 науқастың пневмониямен ауырғаны белгілі болды. Өкінішке қарай, вирусты пневмониядан 1 адам, COVID-19 жұқтырған 5 адам қайтыс болды.

Ләйлә Дулатқызы

коронавирус статистика жалпы ахуал

Хабарламаларға жазылу