Маңғыстауда 300-ге жуық газ бекеті жабылудың алдында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 300-ге жуық газ бекеті жабылудың алдында тұр

02.12.2020

Себебі, оларға сұйытылған көгілдір отын жүйелі бөлінбейді. Кәсіпкерлердің айтуынша, айына берілетін 4-5 тонна газ 1-ақ күнде сатылып кетеді. Амалсыз бекеттерді жабуға тура келген. Соның салдарынан 1 жарым мыңдай адам жұмыссыз қалды. Бекет иелері облысты газбен қамтамасыз етіп отырған 5 ұйымды түгел жабуды талап етеді. Өйткені, олар газды «Қазақ газ өңдеу» зауытынан 43 теңгеден алып, 50 теңгеден саудалауда, делдалдық қызметті де тиісті деңгейде атқармай отыр -, дейді кәсіпкерлер. Газ құю станцияларының қожайындары көгілдір отынды сенімхат арқылы зауыттан өздері-ақ тасып отырғандарын айтады. 2 жыл бұрын басталған мәселе бүгінде ұшығып тұр. Бекеттердің басым бөлігі жұмысын тоқтатқан соң, басқаларында ұзын-сонар кезек.   

Тобанияз Боханов, кәсіпкер:  
-Қазір 4 тоннадан аламыз. 5,7 тонна ай сайын. Ол 1 күнде сатылады немесе жарты күнде сатылады.  
Бауыржан Ерпанов, облыстық энергетика басқармасының газ бойынша инспекторы:  
-15 күн ішінде қараймыз. Министрлікке жібереміз. Олар тағы да жауап бергенде уақыт кетеді. 30 күндей.    

Қызылорда облысында да АИ-92 маркалы бензин тапшы. Өңірдегі май-құю бекеттерінде бензиннің бұл түрі бірнеше күннен бері тек талонмен беріліп жатыр.   

Жанар-жағар майдың тапшылығы әсіресе, ауылдағы көлік жүргізушілеріне қиындық туғызуда. Бензин таппаған жұрт май құю бекеттерін жағалап жүр. Облысқа мұнай өңдеу зауыттарынан қажетті мөлшерде шикізаттың жеткізілмеуінен АИ-92-нің тапшылығы туындады дейді мамандар.

Аягөз Оралбайқызы


Маңғыстау газ бекеті

Хабарламаларға жазылу