Британия үкіметі әлемде бірінші болып, «Файзер» және «Байоунтек» вакцинасын коронавирусқа қарсы қолдануға рұқсат берді. Ол келесі аптаның басында тұрғындарға салына бастайды. Осылайша пандемияны тоқтату жолында маңызды қадам жасалып отыр.
Айта кетсек, Ұлыбритания 20 миллион дана препаратқа тапсырыс берді. Дегенмен, олардың қаншасы корольдікке жыл соңына дейін жететіні әзірге белгісіз.
Америкалық «Файзер» мен германиянық «Байоунтек» бұл препаратты сынауға ондаған мың адам тартты. Зерттеу толық аяқталмаса да, бұл вакцинаның 95 пайызға тиімді екені дәлелденіп отыр.
Арыстан Рысбек