Әлемде «ковидке» қарсы вакцинаның күніне 20,2 млн дозасы салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде «ковидке» қарсы вакцинаның күніне 20,2 млн дозасы салынып жатыр

04.05.2021
Әлемде «ковидке» қарсы вакцинаның күніне 20,2 млн дозасы салынып жатыр

АҚШ-тың құзырлы органдары коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын 12- 15 жас аралығындағы жасөспірімдерге салуға рұқсат бермек. Науқан келесі аптадан бастап жүргізіледі. Қазір аталәан екпе 16 жастан асқандарға қолданылып жүр. Клиникалық сынақтар барысында препараттың жастар үшін қауіпсіз екені анықталып, антиденелер түзетіні дәлелденген.

Ал Дания билігі «ковидке» қарсы Johnson&Johnson вакцинасын қолдануға тыйым салды. Оған екпені қабылдаған адамдарда тромбтың пайда болуы себеп. Бұған дейін дәл осындай күдікпен AstraZeneca препаратына шектеу қойылған еді.

Бразилия тұрғындары болса, қытайлық Sinovac-тың бірінші дозасын салдырып, екінші инъекциясын ала алмай отыр. Өйткені екпе таусылып қалған. Сондықтан вакцинация орталықтары 10 күнге жабылды. Індет өршігендіктен, бұл ел вирус құрбандарының саны бойынша әлемде екінші орында тұр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу