АҚШ-тың құзырлы органдары Pfizer/BioNTech вакцинасын жасөспірімдерге салуға рұқсат бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың құзырлы органдары Pfizer/BioNTech вакцинасын жасөспірімдерге салуға рұқсат бермек

04.05.2021

АҚШ-тың құзырлы органдары коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын 12- 15 жас аралығындағы жасөспірімдерге салуға рұқсат бермек. Науқан келесі аптадан бастап жүргізіледі. Қазір аталған екпе 16 жастан асқандарға қолданылып жүр. Клиникалық сынақтар барысында препараттың жастар үшін қауіпсіз екені анықталып, антиденелер түзетіні дәлелденген.

Ал Дания билігі «ковидке» қарсы Johnson&Johnson вакцинасын қолдануға тыйым салды. Оған екпені қабылдаған адамдарда тромбтың пайда болуы себеп.

Дәл осындай күдіктен кейін Испания AstraZeneca екпесінің бірінші және екінші дозасы аралығын ұзартты. Енді 60-тан асқандар препараттың кезекті инъекциясын 16 аптадан кейін салдыра алады. Ал Украина мамандары CovieShield деп аталатын үнді вакцинасының тиімділігін арттыру мақсатында екпені қабылдау аралығын 28-ден 90 күнге созды.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу