1 желтоқсанда елордада қоғамдық көліктің жұмысы тоқтамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 желтоқсанда елордада қоғамдық көліктің жұмысы тоқтамайды

30.11.2020
1 желтоқсанда елордада қоғамдық көліктің жұмысы тоқтамайды

1 желтоқсан күні Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктері қалыпты режимде жұмыс істейді.  Бұл туралы ақпарат City Transportation Systems (CTS) компаниясының Facebook-тегі ресми аккаунтында хабарланды.

«Ертең, 1 желтоқсанда елорданың қоғамдық көліктері қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктер жұмыс және сенбі күндері жүреді. Тек демалыс күні ғана тыйым салынған. Тұрғындардан санитарлық нормаларды сақтауды өтінеміз. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынған. Жолақы қолма-қол ақшасыз төленуі керек», - делінген ақпаратта.

Айта кеткен жөн, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар да қалыпты режимде жұмыс істейді. 

автобус елорда қоғамдық көлік

Хабарламаларға жазылу