Борсық пен аюдың майын емге пайдаланудың қажеті жоқ. Мамандар халық емі коронавирусты жеңуге көмектесетініне кепілдік бермейді. Тіпті, антибиотиктер мен антикоагулянттар да қатерлі індетті емдей алмайды. Жалпы, ковид пен тұмаудың белгілері қатты ұқсас. Бірақ, коронавирустың негізгі «нысанасы» - өкпе. Сондықтан, індет жұқтырғандар өз бетінше ем-дом жүргізуіне болмайды. Ал елордалық фтизиопульмонология орталығында жүкті әйелдердің 17-інен коронавирус анықталды. Алайда, нәрестелері дін аман дүниеге келді. Сонымен қатар, туберкулезді емдейтін мекемелердегі науқастар арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ.
Асима Нұрбайқызы