Дисбиоз  дертіне инновациялық ем-дом тиімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дисбиоз  дертіне инновациялық ем-дом тиімді

01.06.2017

Бүгінде баладан бастап, ересектерге дейін ішек инфекцияларына жиі шалдығады. Ал, бұл - қауіпті індеттердің бірі. Сол дисбиоз дертіне қарсы күресте инновациялық ем-домның тиімділігі мол. Бұл туралы «Teva» компаниясы ұйымдастырған медициналық конференцияда айтылды. Мамандар өзекті мәселені талқылап, медициналық ізденістерін көрсетті.

Бұл конференцияда заманауи медициналық диагностиканың проблемалары талқыланды. Сарапшылар дисбиозды емдеуде инновацияға иек артуды үндейді. Ресейден келген білікті маман Антонина Плоскирева ішек инфекциялардағы терапияның әдіс-тәсілдеріне арналған баяндамасын жасады.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу