Орал тұрғыны он күнде 139 рет жол ережесін бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал тұрғыны он күнде 139 рет жол ережесін бұзған

17.04.2023

Оралда жүргізуші 10 күн ішінде 139 рет жол ережесін бұзған. Енді ол 4 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді. LADA Granta маркалы жеңіл көлікті тізгіндеген қала тұрғыны автокөлігінің қазақстандық тіркеуі жоқ екенін пайдаланып, көшеде жоғары жылдамдықпен жүрген. Ол «көлігім база бойынша есепке алынбайды және жазадан жеңіл құтылып кетемін» деп ойлаған. Алайда полиция қызметкерлері оны «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасының барысында ұстады. Тіпті, оның көлік құралын басқаруға құқығы болмағаны анықталды. Көлік айыптұраққа қойылды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу