Көкшетауда карантин күшейтіледі. Енді өзге өңірлердің тұрғындары Көкшетауға ПТР тестсіз кіре алмайды. Ал, ақмолалықтар үшін мұндай талап жоқ. Өңірдегі санитарлық бекеттер жұмысын жалғастыра береді. Көкшетау мен қаланың айналасындағы бірнеше елді мекеннің тұрғындарына кешкі тоғыздан таңғы 6-ға дейін далада жүруге болмайды. Облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы қарашаның 1- інен бастап күшіне енеді.
Ермек Елберген