Өңірлерде карантин талаптары күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде карантин талаптары күшейтіледі

11.06.2020

Сондай-ақ үкімет ауру саны артқан облыстарда карантин режимін күшейтуге мүдделі. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осыған орай, өңірлер әкімдіктеріне бірқатар тапсырма берді. Вирустың өршуіне байланысты санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шараларының санын арттырып, талапты орындамаған нысандарды жабу қажет. Соңғы уақытта індеттің таралу дерегінің тең жартысы ұжымдарда тіркеліп жүр. Сол себепті, мемлекеттік орган басшыларына ұжымның 80 пайызын қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыру ұсынылды.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу