Петропавлдың кіреберіс жолдарында 5 блок-бекет орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдың кіреберіс жолдарында 5 блок-бекет орнатылды

10.11.2020

Оның біреуі Бескөл ауылының жанында. Өйткені бұл елді мекен тұрғындарының көбі облыс орталығында жұмыс істейді. Қазіргі күні осы бекеттерде тәулігіне 60 қызметкер кезекшілік атқаруда. Полицейлер кіріп шыққан автокөлік жүргізушілерінің анықтамасын тексеріп, санитарлық талаптардың орындалуын бақылауда. 

Айдын Байматов, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы: 
 -4 карантиндік бекет Петропавл қаласының кіреберісінде, 1 карантиндік бекет Қызылжар ауданының Бескөл ауылының Жезқазған-Петропавл тас жолының 935-ші километрінде құралған. Бір сменде 6 полиция қызметкері қызметтерін атқарады.

Сағындық Сәбитұлы 

Петропавл блок-бекет

Хабарламаларға жазылу