Шығыс Қазақстанда тағы бірнеше елді мекен карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда тағы бірнеше елді мекен карантинге жабылды

09.11.2020

Шығыс Қазақстанның Риддер қаласы мен Алтай ауданында да шектеу шаралары күшейтілді. Жаңа Бұқтырма және Серебрянск елді мекені мен шахтерлар қалашығы Риддердің кіреберіс жолына санитарлық бекеттер қойылды. Қазір еліміздегі індетке шалдыққандардың 50 проценті Шығыс Қазақстанда тіркелген. Өткен аптамен салыстырғанда өңірде ауру жұқтыру деңгейі 5,4 есеге өсті.

Күн сайын 350 адамнан инфекция анықталуда. Жағдайы ауыр науқастардың саны артты. Премьер-Министр Асқар Мамин осы аймаққа жұмыс сапарымен барып, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бойынша селекторлық кеңес өткізді. Үкімет басшысы облыс әкіміне жағдайды тұрақтандыруды тапсырды.

Берік Көшербай


Шығыс Қазақстан елді мекен карантин

Хабарламаларға жазылу