7 мың құс өртелген: Павлодар облысының үш ауданындағы ауылдар карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 мың құс өртелген: Павлодар облысының үш ауданындағы ауылдар карантинге жабылды

30.09.2020

Павлодар облысының 5 ауданында құс қырылып, соның тек үшеуінде індет тіркелгені анықталды. Қазір үш аудан мен төрт елді мекен карантинге жабылды. Бүгінде ауру ошағы анықталған Тереңкөл, Железин аудандарында барлығы 7 мыңнан астам құстың көзі жойылды. Құс тұмауынан 3163 қанатты қырылған. Бұдан бөлек, Ресеймен шекаралас 7 аудандағы 254 мыңнан астам құсқа вакцина салынды. Облысқа тағы 38 мың вакцина жеткізілмек. 

Сұңғат Есімханов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:
Біздің облыста 3 ауданда дәлелденді. 5 ауданда құс өлімдері тіркелді. Бірақ біздің әріптестер тиісті шаралар қолданып жатыр. Вакцинация толық жасап, құстың санын сақтау шаралары қабылданып жатыр.

Аяулым Рақымжанова

құс тұмауы павлодар вакцинация карантин

Хабарламаларға жазылу