Павлодар облысында 2 ауыл карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 2 ауыл карантинге жабылды

23.09.2020

Павлодар облысында құс тұмауының тағы бірнеше дерегі тіркелді. Железин ауданының Ақтау ауылдық округінде таңертең он шақты құс қырылған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, қалған 93 мың құсқа екпе салынып жатыр. Қазіргі уақытта ауру ошағы анықталған Тереңкөл және Железин аудандарының ауылдары карантинге жабылды. Елді мекен аумағында дезинфекциялық бекеттер қойылды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу