Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш төрағасы, құрметті муфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы 80 жасқа толды. Ол жарты ғасырдан астам уақыттан бері қасиетті дініміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Сонымен бірге араб, ағылшын, неміс тілдерін қоса алғанда жеті тілде еркін сөйлейтін кемеңгер жан. Біздің тілшіміз ақсақалдың шаңырағында болып, онымен дидарласып қайтқан еді.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1975 жылы Ливиядағы университетті үздік тәмамдап, елге оралысымен дінге қызмет етуге білек сыбана кірісіп кетеді. Оның тікелей ұйытқы болуымен Кеңес Одағының тұсында-ақ 68 мешіт бой көтерді.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы, ҚМДБ тұңғыш төрағасы:-Сонда 93 мешітке жеткіздім. Ал, діни басқарманы 1990 жылы 12-ші қаңтар жұма күні аштым.
Тізгінді қолға алған соң Рәтбек қажы діни сауаттылыққа басымдық беріп, кәсіби мамандар дайындау мәселесін қолға алады.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы, ҚМДБ тұңғыш төрағасы:-600-ден аса кадр шығардым. 100 баланы Түркия, 80 баланы Мысырға жібердім. 20 баланы Пәкістанға, 300 адамды шетелде тәрбиеледім.
Ақсақалдың әлі де берері көп. Қазірдің өзінде Алматы облыстық Есік қаласындағы мешіттің бас имамы. Екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген.
Балақыз Жолдасқызы, Рәтбек қажының жары:-Немерелеріміз, шөберелеріміз өсіп жатыр.
Жақында 80 жылдық мерейтойға орай Мемлекет басшысының шешімімен Рәтбек қажы Нысанбайұлы «Парасат» орденімен марапатталды.
Қуан Нұрақын