ШҚО-да қатты жел екі мектептің шатырын ұшырып жіберді
Шығыс Қазақстанда қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Зайсан қаласында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жеткен.
Ұйтқи соққан желдің қатты болғаны соншалық - санаулы секундта тұрғын үй мен екі мектептің шатырын жұлып әкетті. Тұрғындардың айтуынша, көше бойындағы электр сымдары да үзілген. Қазір жергілікті билік өкілдері табиғи апаттан келген шығын мөлшерін анықтап жатыр. Ал Ұлан ауданындағы Асубұлақ ауылында дүлей дауыл салдарынан аурухана шатыры бүлінді. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Аймақтағы қатты жел туралы дауылды ескерту соңғы екі күн қатарынан жарияланған.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» өз алаңында «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді
06.11.2025, 10:30
Ұлттық Ұлан сарбаздары аналарына тосын сый жасады
06.11.2025, 10:23
Германияда әлем халқы толған айды тамашалады
06.11.2025, 10:22
Түркияда тас көшкінінен екі адам опат болды
06.11.2025, 10:21
Ақмола облысында Жабай өзенінің арнасы тазаланды
06.11.2025, 10:20
ШҚО-да браконьерлерге қатысты мыңнан аса әкімшілік іс қозғалды
06.11.2025, 10:18
Вашингтонда өтетін C5+1 саммитінде қандай мәселелер талқыланады?
06.11.2025, 10:15
Мемлекет басшысын АҚШ-та оқитын қазақстандық студенттер қарсы алды
06.11.2025, 10:13