Tengri Bank қызметін тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Tengri Bank қызметін тоқтатты

06.11.2020

Экономикалық сот Tengri Bank қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім шығарды. Қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу агенттігі банкті лицензиясынан айырған. Содан бастап азаматтардың банктегі қаражатына қатысты барлық операция тоқтатылды. Агенттік өкілдерінің айтуынша, Tengri Bank қаржы институтына қосымша капитал құймаған. Салымшылар алдындағы міндетті толық орындамаған. Биыл наурыздан бері банк дефолттық жағдайда тұрды. Осылайша агенттік атынан түскен талап-арызды Алматы экономикалық соты қанағаттандырды.   

Ақерке Бектас 


Tengri Bank экономикалық сот

Хабарламаларға жазылу