«Tengri Bank» қолма-қол ақша алу және аударым жасауға қойған шектеуін әлі алған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Tengri Bank» қолма-қол ақша алу және аударым жасауға қойған шектеуін әлі алған жоқ

29.04.2020

«Tengri Bank» қолма-қол ақша алу және аударым жасауға қойған шектеуін әлі алған жоқ. Тек тәуліктік лимитті 20 мыңнан 100 мың теңгеге дейін ұлғайтты. Бұдан бөлек, банк тұтынушыларына ақшаны ұялы байланыс операторының балансына аударуға мүмкіндік берілді. Банктің басшылығы да өзгерді. Еске салсақ, Қаржы нарығын реттеу агенттігі салымшылар шағымданғандықтан «Tengri Bank»-ті тексеріп жатыр. Агенттік аталған банктің негізгі акционері - үндістандық Punjab National Bank-ке қатаң талап қойған еді. Нәтижесі де жоқ емес - банкті құтқару мақсатында екі рет қаржы аударылды. Алдағы екі аптада «Tengri Bank» барлық қаржылық операциялар қалыпты жағдайда жүргізіледі деп мәлімет таратты. Айта өтейік, банктің салымшылар алдында 98 миллиард теңге қарызы бар. 

Ләйла ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу