Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталды

10.11.2020

Tengri bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталды. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімет таратты. Оған сай банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен Алматы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықов қамауға алынған. Олар Tengri Bank-тің 8 миллиард теңгеден астам қаржысын қалпына келтірілмейтін несиелер беру арқылы әдейі ұрлаған деген күдікке ілініп отыр. Еске салайық, биыл қыркүйекте Tengri Bank лицензиясынан айырылған болатын.  

Амангелді Сейітхан 

Tengri Bank менеджер Қаржы министрлігі лицензия

Хабарламаларға жазылу