Ресейде бір тәулікте 20 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды. Бұл - пандемия басталғалы тіркелген елдегі ең жоғары көрсеткіш.
Индира Бегайдар, тілші:-Инфекциялық ауруханаларда орын тапшы. Тіпті кей өңірлерде науқастар дәлізге жатқызылып жатыр. Әсіресе Қорған, Омбы облыстарында жағдай ушығып тұр. Дәрі-дәрмек жетпейді. Кеше Омбы облысының денсаулық сақтау министрі отставкаға жіберілді. Тұрғындар жедел жәрдем қызметін екі-үш күндеп күтуге мәжбүр. Мамандар вирустың күш алуы көктемге дейін созылатынын мәлімдеді. Сондықтан толық карантин енгізілмесе де, шектеу шаралары қайта күшейтілмек. Роспотребнадзордың мәліметінше, вирус мутацияға ұшырауда. Бірақ қазіргі тест жүйесі мутацияға ұшыраған вирусты анықтауға мүмкіндік береді, себебі өзгеріс тек бір пайыздың айналасында дейді мамандар. Сонымен қатар Ресейде әуежайларда желтоқсаннан бастап коронавирус жұқтырғандарды иісшіл иттердің көмегімен анықтайды. Мұнда арнайы 15 ит қазір жаттықтырылып жатыр.
Индира Бегайдар