Германияда бір тәулікте 65 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда бір тәулікте 65 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

19.11.2021

Германияда коронавирус жұқтырғандардың күндік саны рекорд жаңартып отыр. Өткен тәулікте елде 65300-ден астам адамнан ковид анықталды. Мұны Роберт Кох институты хабарлап отыр.

Жалпы алғанда Германияда 54,6 миллион адам немесе халықтың 68 пайызға жуығы вакциналанған.

Эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты канцлер Ангела Меркель госпитальдері науқастарға толған аудандарда карантин күшейтілетінін ескертті. Дәлірек айтсақ, ондай жерлерде әлеуметтік, мәдени, спорттық шараларға және ресторандарға тіпті екпе салдырған адамдардың да баруына шектеу қойылмақ.


Хабарламаларға жазылу