Баянауылдың экс-әкімі тұтқындалды
Баянауылдың экс-әкімі Оразгелді Қайыргелдинов тұтқындалды. Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінің мәліметінше, күдікті ауданда әуежай салу үшін пайдалануға жарамсыз нысанды 240 млн теңгеге заңсыз сатып алған. Баянауылда, шағын авиацияға қызмет көрсету аэродромының құрылысы үш жыл бұрын басталған еді. Оған сол кезде облыс әкімі болған Болат Бақауов мұрындық болды. Тіпті, экс- әкім ұшақпен сол жерге қонып, әуе кеңістігі арқылы Баянауылға туристік маршрут ашылды деп жариялады. Биыл қаңтарда қос әкімге қатысты іс қозғалып Бақауов шартты мерзімге сотталды. Ал 10 ай бойы жалғасқан тергеу амалдарынан кейін Оразгелді Қайыргелдинов 2 ай қамауда болады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05