Жедел жәрдемге күніне 1500 қоңырау түседі. Елордада эпидахуал нашарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жедел жәрдемге күніне 1500 қоңырау түседі. Елордада эпидахуал нашарлады

05.11.2020
Жедел жәрдемге күніне 1500 қоңырау түседі. Елордада эпидахуал нашарлады

Елордада COVID-19 көрсеткіші өсуде, жедел жәрдем күніне 1561 қоңырау қабылдайды, деп хабарлайды қала әкімдігі. Нұр-Сұлтанда қазан айының басынан бері коронавирус инфекциясымен ауырғандардың саны өсіп кеткен.  

Ал, соңғы аптада COVID-19 ауруы 1,3 есеге немесе 27%-ға көбейген. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева қала тұрғындарына үндеу жасап, дабыл қақты.

«4 қарашадағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының жалпы 14709 жағдайы тіркелді. Олардың 9030-ы симптомды, 5679-ы симптомсыз. Қаланың сырқаттанушылық көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен 2,1 есе жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 1273-ті құрады», - дейді Пірәлиева.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылықты бақылау 4 қарашадағы жағдай бойынша 596 жағдай тіркелгенін көрсетті. Соңғы 5 аптада күніне 5 жағдай тіркелуде. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Муратовтың айтуынша, бүгінде елордада төсек-орын сыйымдылығы 1020 бірлікті құрайтын жеті аурухана бар. Коронавирус инфекциясымен 85 және пневмониямен жатқан 29 науқас бар. Жедел жәрдем қызметі күніне 1561 қоңырау қабылдайды. Оның ішінде орта есеппен 14 жағдай КВИ бойынша шақырады. 

Елордада КВИ бойынша биоматериалдар сынамасын алуға арналған 15 зертхана бар.  Ауруханалар өкпені жасанды желдету аппараттарымен, 19 компьютерлік томографпен, 27 рентген аппаратымен, 500-ден астам оттегі концентраторларымен және 1584 оттегі нүктелерімен толық жабдықталған.

Елорда COVID-19 жедел жәрдем

Хабарламаларға жазылу