Елордада жедел жәрдем шақырушылар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жедел жәрдем шақырушылар көбейді

16.06.2020

Жедел жәрдем неге жедел емес? Соңғы күндері «шақыртуға жауап бермейді, не болмаса мүлдем келмейді» деген шағым көп. Халықтың уәжін арнайы қызмет өкілдері теріске шығармады. Соңғы күндері қоңырау шалатындардың артқаны рас. Елордада карантинге дейін тәулігіне 2 мың қоңырау түссе, қазір 4 мыңнан асады. Бригада саны да 59-дан 112-ге көбейген. Мұны медицина мамандары карантин тәртібінің жеңілдеуімен байланыстырады. Яғни демалыс орындары мен құрылыс нысандары ашылған соң жарақат алушылар көбейген. Оның үстіне вирус өршіген сайын халықтың да қорқынышы үдей түскен. Ауырғанына көзі жетпей жатып, жедел жәрдемге жүгінеді. Тіпті, анықтамалық қызмет ретінде көретіндер де бар екенін айтады.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу