Кеше індет 432 адамнан анықталды. Мұның 200-ге жуығы Шығыс Қазақстанда тіркеліп отыр. Ал вирусты пневмониямен ауырған науқастар саны күрт өсті. Алдыңғы тәулікте 9 адам ауырса, кеше науқастар саны 269-ға жетті. Өкінішке қарай, аурудың асқынуынан 1 адам қайтыс болды.