Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан ірі құс фабрикаларының бірінде құс тұмауы тіркелді. Өткен айдың 27-інен бастап кәсіпорында жұмыртқа алатын бағытта өсіріліп жатқан тауықтар шетінен өле бастаған. Себебін анықтау мақсатында арнайы топ құрылып, құстың өлекселеріне потологиялық сынама жасалды. Зерттеу нәтижесінде жоғары патогендік құс тұмауы тіркелген.
Қазір фабрика карантинге жабылып, ауруды тоқтату бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Тауық өнімдерін шығаратын кәсіпорында 650 мыңға жуық бас құс болса, әзірге олардың 120 мыңнан астамы жойылды.
Қуан Нұрақын