Түркістан тұрғындары 2025 жылға қарай 250 мың адамға жетеді - Үкімет жоспары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан тұрғындары 2025 жылға қарай 250 мың адамға жетеді - Үкімет жоспары

03.11.2020
Түркістан тұрғындары 2025 жылға қарай 250 мың адамға жетеді - Үкімет жоспары

Үкіметте Түркістан қаласын дамытудың бас жоспары қаралды.

«Түркістанның жаңадан дамуын, тарихи құндылықтарды сақтай отырып, одан әрі көркеюін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылғы қыркүйекте Түркістан қаласын дамытудың бас жоспарының тұжырымдамасы мақұлданған болатын. Қысқа мерзімде нақты жұмыс атқарылды. Түркістан қаласының мәдени-рухани және әкімшілік-іскерлік орталықтарының, көлік және инженерлік инфрақұрылымы, тұрғын үйлер аймағының құрылысы қарқынды жүргізілді», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Жалпы, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгелі бері шаһардың негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 400 млрд теңгені құрады. Жаңа бас жоспарға сәйкес қала аумағы біршама ( 3 мың гектарға жуық) ұлғайды. 

Қала тұрғындарының саны 176 мыңға дейін өсті, 2025 жылға қарай қала халқының саны 250 мыңға дейін, ал 2035 жылға қарай 350 мыңға дейін жетеді деп болжанып отыр.

«Жоспарды қабылдау Түркістан қаласының алдағы уақытта дамуының нақты бағытын белгілейді. Сондықтан ұсынылып отырған жоспардың жобасын қолдауды және Үкіметтің тиісті қаулысына дауыс беруді ұсынамын», - деп қорытындылады Үкімет басшысы.
Түркістан бас жоспары

Хабарламаларға жазылу