Жамбыл облысында бүтін бір отбасы газдан уланып, 2 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында бүтін бір отбасы газдан уланып, 2 адам қайтыс болды

02.11.2020

Жамбыл облысында бір отбасының бес адамы газға уланып, екеуі қайтыс болды. Аман қалғандары Меркі аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір жағдайлары қалыпты. Уланғандардың арасында 7 жастағы бала бар, жағдайы тұрақтала сала санавиациямен облыс орталығындағы балалар ауруханасына ауыстырылды. Қайғылы оқиға табиғи газбен жанатын пешті дұрыс қолданбағаннан болып отыр. 

Ақжібек Тәжібаева Меркі аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:
Екі науқас жағдайы қанағаттанарлық болғаннан кейін терапия бөліміне ауыстырылды. Ал Қалмұрзаев Нуридин бүгінгі күні жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. 

Сәбит Әлдебай

Жамбыл облысы газдан улану Меркі ауданы

Хабарламаларға жазылу