Премьер-Министр меморгандарға Қарағанды облысындағы түйнеме індеті таралу оқиғасын бақылауда ұстауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр меморгандарға Қарағанды облысындағы түйнеме індеті таралу оқиғасын бақылауда ұстауды тапсырды

23.06.2016
Премьер-Министр меморгандарға Қарағанды облысындағы түйнеме індеті таралу оқиғасын бақылауда ұстауды тапсырды

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысында түйнеме ауруының таралуына байланысты жағдайды күнделікті назарында ұстап отырады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Бүгін ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин кезекті баяндама барысында «Соңғы тәулікте халық арасында ауру жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелмегенін мәлімдеді».

Сонымен қатар, арнайы штаб жұмыс істеуде, ауылда карантин жарияланды, «ауылдан мал, өнімнің сыртқа шығуына» тыйым салынды. Жағдай бақылауда, барлық үй-жай, байланыс анықталды. Химиялық алдын алу, антибиотиктерапия жүргізілуде», - деп мәлімдеді ҚР бас санитарлық дәрігері.

Баяндама соңында Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне жергілікті органдармен бірлесіп, инфекцияның таралуынан халықты қорғау бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Біріншіден, індет одан әрі таралмау үшін адамдарды қорғауды қамтамасыз ету қажет. Екінші міндет - елде мұндай жағдай болмас үшін шаралар кешені қажет. Бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауға жеке тапсырма беремін, - деді Мәсімов.

Премьер-Министр келесі аптада жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, жағдаймен танысатынын атап өтті. Осы мәселеге орай арнайы мәжіліс өткізіледі.

Еске салсақ, 19-22 маусым аралығында Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында 9 адам түйнеме жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған. Олардың екеуі қаза тапты.

 

Хабарламаларға жазылу