Коронавирус пендмиясына байланысты, биыл әлем экономикасындағы жалпы ішкі өнім көлемі 5,2%-ға қысқаруы мүмкін.
Айта кетейік, Дүниежүзілік банк 2019 жылғы деректерге сүйеніп, биыл маусым айында әлемнің және әлем елдерінің жалпы ішкі өніміне баға берген. Зерттеу әлем экономикасының жалпы ішкі өнімі 87 трлн 751 млрд 541 млн долларға тең болғанын көрсеткен болатын.
алпы, әлемдік жалпы ішкі өнімнің биыл бірден 5,2%-ға қысқаруы мүмкін деген болжамды бүгін ҚР Қаржы министрінің өкілі мәлім етті.
«Осы жылдың 9 айында Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің кірістері жөніндегі жоспар 92%-ға, республикалық бюджет 82%-ға, жергілікті бюджет 116%-ға орындалды. Республикалық бюджетке түсімдердің төмендеуіне пандемиямен байланысты сыртқы және ішкі факторлар әсер етті. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша базалық болжамға сәйкес, биыл әлемдік жалпы ішкі өнім 5,2 % қысқарылады деп күтілуде», - деп мәлім етті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев.
Айта кетейік, бүгін Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, салық және кедендік түсімдердің көлемі туралы ақпарат берді.