Нұр-Сұлтанда автобус жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда автобус жанып кетті

26.10.2021

Нұр-Сұлтанда аялдамада тұрған жолаушылар автобусы отқа орынды. Жолаушылар аман. Апат орнына 7 өрт сөндіруші мен бір арнайы техника жіберілген.

Белгілі болғандай, қызыл жалын құтқарушылар келмей жатып ауыздықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 28 бағыттағы қоғамдық көлік қозғалтқышынан шыққан ақаудан болуы мүмкін. Қазір тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.


Нұр-Сұлтан автобус

Хабарламаларға жазылу