Алматы базарларында кәмелетке толмаған балалар сауда-саттықпен айналысқан
Теміртауда отбасына көмектеспек болып, құрылыс алаңында 2-қабаттан құлаған 15 жасар баланың жағдайы әлі де ауыр. Ол қазір ауруханада жатыр. Ал компания оқушыны ата-ананың рұқсатынсыз жұмысқа алған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Алматы базарларында кәмелетке толмаған балалар сауда-саттықпен айналысқан. 13 пен 16 жас аралығындағы 4 жасөспірімнің ата-анасы онлайн оқу жүйесін пайдаланып, оларды қалаға туыстарының үйіне жіберген. Осыған қатысты оларға ескерту беріліп, Әкімшілік кодекстің 127-бабына сәйкес айыппұл салынуы мүмкін. Ал оқушылар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберіліп, психологиялық тұрғыда көмек көрсетілген.
Бибігүл Тәженова, кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының қызметкері:Ата-анамен, баламен профилактикалық жұмыс жүргіземіз. Әлеуметтік, психологиялық жұмыстар жүргізіліп, ата-анасына табыстаймыз. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03