Пашинян: Дипломатиялық шешім болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пашинян: Дипломатиялық шешім болмайды

22.10.2020

Таулы Қарабақтағы қақтығысты дипломатиялық шешім тоқтата алмайды. Армения премьер-министрі Никол Пашинян осылай деп мәлімдеді. 

Әзірбайжан мен Армения арасындағы жанжал жуық арада басылмайтын сыңайлы. Пашинянның сөзінше, Ереван шарттарды қысқарту арқылы ымыраға келуге дайын болған. Алайда қарсы тараптан мұндай әрекет байқалмаған соң, майдан шебінде әзірге қарсы тұрудан басқа амал жоқ деп отыр.

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі: 
Таулы Қарабақ қақтығысының ұзақ уақыт бойы дипломатиялық шешімі болмайтын сыңайлы. Біз мұны түсінуіміз керек. Тиімді бір шешімге қол жеткізгенше күресуді жалғастыра береміз.

Жансая Қапасқызы

Таулы Қарабақ Армения

Хабарламаларға жазылу